Жалған жыртқыш кит Американың Гавай аралдарының Батыс жағалауын, Атлант мұхитының орталық аймақтарын мекендейді. Олар әлемнің қоңыржай жылы суларында тіршілік етеді.

Биологиялық сипаттамасы Бұл киттердің терісінің түсі- күңгірт, тамағы мен бауыры ақ түсті болып келеді. Денесі үлкен киттерге қарағанда жіңішке болады. Арқа қанатынң ұзындығы – 30 см. Оның басы кішкентай конус пішінді, тұмсығы болмайды. Арқа қанаты- биік, жүбеқанаттары – дөңес. Бұл киттер 6 метрге дейін өседі. Салмағы- 1,5 тонна. Тіршілік ету ұзақтығы -60 жыл.

Жалған жыртқыш кит өте тез жүзеді. Олар суды шашырата секіріп, белсенділік көрсетеді. Аталықтарының ұзындығы- 5,3 метр, ал аналықтары 4,5 метр шамасында болады. Аталықтары-58, ал аналықтары 62 жылға жуық өмір сүреді. Жаңа туған ұрпағының ұзындығы 2 метрге жуық алыстын қарағанда өз туысы – жыртқыш китке қатты ұқсайды. Дегенмен олардың дене тұрқы жіңішке және көбінесе қара түсті болып келеді. Олар сетінек, сары қанатты тунец, асшаяндармен, сондай-ақ кит тәрізділермен де қоректенеді. Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2

Дереккөздер

Санат:Тісті киттер