Бабий Яр () — Киевтің солтүстігіндегі үлкен жар, Нацистік Германияның Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бірнеше қырғын жасаған жері.

1941 жылғы қыркүйектің аяғында нацистік неміс басқыншылары Бабий Ярда 50–70 мыңдай адамды (көбісі еврейлер) атып өлтірген. Немістер Бабий Ярды 2 жыл бойы өлім лагеріне айналдырды. Өз қылмыстарын жасыру үшін немістер 1943 жылғы тамыз–қыркүйекте лагерьді жойып, жүздеген мың адамның сүйегін қазып алып өртеді, күлін Бабий Ярдың айналасына шашты. Атылғандардың құрметіне 1976 жылғы қазанда граниттен ескерткіш орнатылды.Қазақ Совет энциклопедиясы. Бас редакторы М.Қ. Қаратаев – Алматы, 1972, 2-том

29 қыркүйек — Бабий Яр құрбандарын еске алу күні.

Дереккөздер

Санат:Украина тарихы