ПАХМУРНЫЙ Павел Михайлович (3. 3. 1915 ж. т., Полтава) - қазақстандық тарихшы, тарих ғыл. докторы (1967), профессор. Қаз. ССР-інің ғылымға еңбек сің. қайраткері (1965). 1940 жылдан КОКП мүшесі. 1937 ж. Харьковтың пед. ин-тын бітірген. 1937-46 ж. әскери саяси қызметте болды. Ұлы Отан соғысына (1941-45) қатысты.1946-56 ж. Алматы пед. шет тілдер ин-тында марксизм-ленинизм кафедрасының меңгерушісі және сол институттың директоры (1951). 1956 жылдан Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы ин-ты директорының орынбасары. Оның негізгі ғылми жұмысы - КОКП тарихы мен Қазақстан Коммунистік партиясы тарихының партия құрылысын зерттеуге арналған. Бұл салада 170-ке тарта ғылми еңбек жазды. Ол Қазақстан К (б) П 6-съезінің (1952) делегаты болды. Портретті 171-б.
Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы