Ала қараторғай () – Торғайтәрізділердің Қараторғай тұқымдастарының денесі шағын құсы.
Таралуы Табиғи ареалы - Оңтүстік Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері. Көбіне ашық, талдары аз жерлерде, адам тұратын мекендерге жақын ұялайдыSalim Ali & S. Dillon Ripley (1972) Handbook of the Birds of India & Pakistan Vol 5 — Larks to the Grey Hypocolius. Bombay: Oxford University Press..
Сипаттамасы Дене тұрқы 21-24 см, еркек дарасы мен ұрғашы дарасы өзара қатты ұқсас болады.
Ала қараторғай шегірткелерді құртушы атағына еге болған. Бұған келесі суреттеме куәгер: . Бұл суреттеме – атақты аңшы-ғалым және жазушы-натуралисттің ала қараторғайдың шегірткені қырып-жоюын өте көрнекі бейнелеп көрсетуі. Ғалымдардың есебі бойынша, бір ересек ала қараторғай күніне 200 г шегірткені құртады, 10 мың жұп (мұндай топ Қазақстанда жиі кездеседі) айына 108 тонна осындай зиянкестерді құртады. Дегенмен, жаз соңында, күзде ала қараторғайлар кәдімгі қараторғайларға жүзім өнімін құртуға қатты көмектеседі. Жүзімдікті қорғау үшін оларды үркітетін дыбысты үн таспаға жазып қояды.
Түрлері Табиғатта 4 түрі айқындалады: S. c. sordidus, S. c. superciliaris, S. c. floweri S. c. jalla.
Галерея
Дереккөздер
Санат:Торғайтәрізділер Санат:Қараторғайлар