«Астрал» () - режиссёр Джеймс Ван мен сценарист Ли Уоннеллдың қорқынышты фильмі. Премьерасы АҚШ-та 2011 жылы 1 сәуірде, Қазақстанда 2011 жылы 31 наурызда болды.

Сюжеті Фильм қараңғы бөлмеден басталады. Бала ұйықтап жатыр. Ал терезеден түрі сұсты кемпір қарап тұр. Джош отбасымен жаңа үйге көшіп келген. Бір күні олардың ұлы Далтон қоймада құлап, есінен танған күйі оянбайды. Дәрігерлер еш нәрсе жасай алмайды. Үйде түсініксіз жағдайлар орын ала бастайды. Басты рөлдерде Патрик Уилсон — Джош Роуз Бирн — Рене Ламберт Тай Симпкинc — Далтон Ламберт Лин Шэй — Элис Райнер Энгус Сэмпсон—Такер Барбара Херши — Лорэйн Ламберт Ли Уоннелл — Спекс Джозеф Бишара — қызыл жүзді Әзәзіл Филип Фридман — елес кемпір

Қызықты деректер Далтон қоймада қорыққаннан айқайлайтын көріністе, Джош түймесі салынбаған күйі баспалдақпен жоғары көтеріледі. Қоймада түймесі салынып, мойнында галстук бар болып шығады. Джош мектеп кабинетінде отырған кезде, тақтада «Ара» фильмінен алынған қуыршақ Биллидің суреті салынған (астында «8» саны бар). Ол фильмді жасаушылар - Джеймс Ван мен Ли Уоннелл еді. Кейін Ван мен Уоннелл оған ешқандай қатысы жоқтығын айтты. Суретті түсірілім мүшелерінің бірі салған болып шықты. Дабыл жүйесі іске қосылған көріністе, Фостерге дабыл дыбысы ұнамайтынын көруге болады. Ал Келли дыбысқа мән бермейді.

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:АҚШ фильмдері Санат:АҚШ үрейлі фильмдері