Кандеев көтерілісі - Пенза губерниясының Чембар, Керен уездері мен Тамбов губерниясының Моршан, Кирсан уездерінде 1861 болған шаруалар қозғалысы. Черногай, Студенка селолары шаруаларының помещиктерге жұмыс істеуден бас тартуынан басталды. 19 ақпандағы «Ереже» бойынша помещиктердің бүкіл жері шаруаларға тегін беріліпті-міс, дегенмен жергілікті жердегілер сол шындықты жасырып отыр деп білген Высокое селосының шаруалары 2 сәуір күні вотчина басқармасының басқарушыларын қуып, олардың онына өз ортасынан шыққан жаңа бастықтарды тағайындады. 5 сәуірде Чембар уезінің Покровское селосының щаруалары помещиктің малдарын өзара бөлісіп алды. Сәуір айының басында бұл толқу Пенза губерниясының 26 селосы мен деревнясын, Тамбов губерниясының Кирсанов уезін толықтай дерлік қамтыған болатын. 10 сәуір күні шалға, найзамен қаруланған Черногай селосының шаруалары бір рота солдатқа қарсы шықты. Көтерілістің орталығы Керен уезінің Кандеев селосы болды. Көтерілісті Гаврила Стрельцев, Антон Тихонов, Андрей Елизаров , Леонтий Егорцев басқарды. Көтеріліс жеңіліс тапқан соң 174 адам сот алдында жауапқа тартылып, олардың 114-і Сібірге айдалды.

Дереккөздер

М.Қ.Қаратаев, Қазақ совет энцеклопедиясы. 4 том. 672 бет.