Киіз үйлердің атаулары
Абылайша. Керегесіз, уықтан тігінен шағын киіз үй. Ақ шаңқан үй. Сүттен ақ , аппақ киіз үй. Ақтағыр. Екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй. Жаппа үй. Уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй. Қара құрым үй. Киізінің тозығы жеткен, ескі үй. Қара үй. Киіз үйді кейбір жерде қара үй деп аталады. Қараша үй. Қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй. Орда. Еңселі, салтанатты киіз үй. Отау. Ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй. Тоңқайма. бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй. Ұраңқай. Уық тірізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген үй.
"Жеті қазына, жиған - терген" Сейіт Кенжеахметұлы, Алматы -2007. Дереккөздер