Ислам Қосжан (1954 жылы туған) — қазақстандық жазушы, математик.
Өмірбаяны 1972-1973 жылдары Жетісай мәдени-ағарту техникумының халық аспаптары бөлімінде оқыған.1973-1977 жылдары Арқалық педагогикалық институтында оқып, физика – математика мамандығы бойынша Маңғыстауда ағартушылық салада жұмыс жасаған. Қазірде «Маңғыстаумұнайгаз» мекемесінде жұмыста.
Қазіргі уақытта Ақтау қаласында тұрады.
Шығармашылығы Өлеңдері республикалық «Қазақ әдебиеті», «Алтын Орда» газеттерінде, «Таң Шолпан», «Жұлдыз» жорналдарында жарық көрген. «Мазасыз тіршілік», «Мазасыз жүрек», «Іңкәр көңіл», «Сезім жапырағы» кітаптарының авторы.
Дереккөздер http://adebiportal.kz/authors/islam-oszhan-/
Тағы қараңыз http://adebiportal.kz/catalog/book/ma-ystau-a-yn-zhazushylaryny-k-tapkhanasy-38-tom/
Санат:1954 жылы туғандар Санат:Физиктер Санат:Педагогтар Санат:Алфавит бойынша математиктер Санат:Қазақстан жазушылары