Қазан — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Қазан ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде, орманды-далалы белдемде, Тұзды көлінің оңтүстік жағалауында орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 894 адам (456 ер адам және 438 әйел адам) болса, 2009 жылы 648 адамды (324 ер адам және 324 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 20 ғасырдың басында қаланды. 1979 жылға дейін ұжымшар орталығы, 1979–96 жылдары И.П. Шухов атындағы сүт өндіру кеңшарының орталығы болды. 1996 жылдан сүт өндіретін және астық егетін шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, фельдшер-акушерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) елді мекендері Санат:Сібір казак әскерінің елді мекендері