Дала жоңышқасы — жоңышқа туысына жататын шөптесін өсімдік. Солтүстік Каспийден Зайсан ойпатына дейін және Тарбағатайдан Қырғыз Алатауына дейін таралған. Бұталы жерде, орман алаңқайында, құрғақ беткейлерде өседі. Мықты кіндік тамыры құрғақшылыққа төзімді. Көп сабақты, тік, 50-100 см. Жапырағы таспа тәрізді, 3 бөлікті. Гүлшоғыры қою шашақ тәрізді, тостағаншасы түтік тәрізді, өткір тісшелері бар. Гүл тәжі ұсақ, сары. Шілде-тамызда гүлдейді. Қазақстандағы басқа 13 түрден ерекшелігі жеміс түзулігі. Малдың азығы. Сұрыптауға қолайлы: суық пен ыстыққа төзімділігі жоғары. Бағалы омарталық өсімдік. Жабайы аралармен тозаңданады. Тағы қараңыз Қызыл Кітап Дереккөздер
«Ғажайып омыртқасыздар, Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен» И. Д. Митяев, Р. В. Ященко, В. Л. Казенас, Алматы 2005 Санат:Бұршақтар тұқымдасы