Ұзын жүзбеқанатты акула () – ірі және ауыр денелі жыртқыш. Арқа қанаты - доғал, кеуде жүзбеқанаты айдар тәрізді болып келеді. Бұл акулалардың түсі сұр түстен жасыл түске дейін өзгеріп отырады. Олардың тұмсығым - дөңгелене біткен. Тістері қорегін ұстауға бейімделген, өте өткір. Ұзын жүзбеқанатты акула 4 метрге дейін өседі. Салмағы 167 келіден асып кетеді. Олар тунец сияқты сүйекті балықтармен, скат, теңіз тасбақалары және бунақденелілермен қоректенеді. Олар ұрпағын тірідей туады. Балаларының ұзындығы 65-75 сантиметр аралығында. Бұл түрді Атлант, Тынық және Үнді мұхиттарының суларынан кездестіруге болады. Тұмсықтары дөңгелек, көздері домалақ және торсылдағы болады."1100 қызықты деректер акулалар, дельфиндер және киттер."
Дереккөздер
Санат:Акулалар