Алданиязов Муса Алланұлы/22.12.1926 ж.т. Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылы/-партия-кеңес қызметкерлері .Алматы жоғары партия мектебін бітірген/1961/.Еңбек жолын 1941 ж. « Жаңажол» ұжымшарында колхозшы болып бастаған. 1942-44 жылдары бастауыш мектеп меңгерушісі . 1944 -50 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан, Қиыршығыс шекарасында әскери қызметте болған. 1950-57 жылдары Алға ауд. Комсомол коммитеті 1-хатшысы, Бессараб МТС –нің партком хатшысы . 1961-68 жылдары Алға аупарткомының бөлім меңгерушісі, Қобда аупарткомының хатшысы , ауд. халықтық бақылау коммитетінің төрағасы , 1968-72 жылдары Ырғыз ауатком төрағасы болған. 1972-86 жылдары Қарабұтық ауд. «Ақкөл» кеңшарының директоры.Еңбек Қызыл Ту , « Құрмет белгісі» ордендерімен , 13 медальмен марапатталған. Дереккөздер А7-Ақтөбе:Энциклопедия-Ақтөбе. «Отандастар-Полиграфия»ЖШС, 2001.-748 бет.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Мұса Алланұлы Алданиязов · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.