thumb|left|110px|

thumb|right|400px| Ж, ж — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.

Тіл алдының таңдайға жуықтауынан жасалатын ұян дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп. Ж-нің жалаң (спирант), қосынды (аффрикат - "дж") түрлері бар. Аффрикат Ж-нің қазақ тілінде дербес фонемалық мәні жоқ, ол - спирант Ж-нің нұсқасы. Қазақ тілінің табиғи айтылу заңдылықтарына сәйкес: орысша - аффрикат - "дж" ретінде дыбысталады. Сөздің қазақша айтылуы: джиһаз, джігіт, джұрт, мұғалджар, үрджар, жазылуы - жиһаз, жігіт, мұғалжар, үржар, т.б. Кейде сөз ішінде (Ж) дыбысы іргелес қатаң дыбыстың ықпалымен "ш" дыбысына ұқсас естіледі, бірақ жазылуда бұл ескерілмейді. Мысалы, айтылуы - дошшан, бешшүз, жазылуы - досжан, бес жүз. Түркі тілдерінің көпшілігінде "Ж" орнына "й" дыбысы айтылады (жол - йол, жас - йаш).

"Ж" қазақ тілінің байырғы сөздерінің аяғында өте сирек кездеседі (лаж, мұхтаж т.б.).

Транскрипциясы Ж кирил әрпі латын тілдерін транскрипциясында түрлі жазылады: чех, словак, словен, хорват тілдерінің жазбаларында Ž әрпі, поляк тілінде - Ż нұсқасы; роман тілдерінде - G немесе J , в герман тілдерінде — диграф zh (ағыл.) немесе sh (нем.) т.б. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 4 томКеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962.

Кодтар кестесі Код Регистр Ондық код 16-лық код 8-дік код Екілік код Юникод Бас 1046 0416 002026 00000100 00010110 Кіші 1078 0436 002066 00000100 00110110 ISO 8859-5 Бас 182 B6 266 10110110 Кіші 214 D6 326 11010110 KOI 8 Бас 246 F6 366 11110110 Кіші 214 D6 326 11010110 Windows 1251 Бас 198 C6 306 11000110 Кіші 230 E6 346 11100110

HTML жүйесінде бас әріп «Ж»-ны &#1046; немесе code>&#x416;</code>, ал кіші «ж» әріпін - &#1078; немесе &#x436; деп белгілейді.

Дереккөздер

Санат:Кириллица