Атбасар: Атбасар - Ақмола облысындағы Атбасар ауданының орталығы. Атбасар ауданы - Ақмола облысының батысындағы әкімшілік бөлініс. Атбасар - зоологиялық қорықшасы, шаруашылыққа пайдалануға болатын табиғи аумақ. Атбасар мәдениеті – төменгі палеолит дәуірінен сақталған ескерткіштердің жиынтық атауы. Атбасар сыртқы округі – Ресей үкіметінің «Сібір қазақтары туралы Ережесі» (22.7.1822) негізінде қазақ даласында құрылған (1859) әкімшілік-территориялық бөлік. Атбасар көшесі - Астана көшесі, Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Қарталы көшесімен қиылысады. Атбасар жазығы – Ақмола облысының солтүстік-батысындағы эрозиялық-тектоникалық жазық. Атбасар жәрмеңкесі – 19 ғасырдың ақыры мен 20 ғасырдың басында Атбасар қаласының маңында жыл сайын өткізілген дәстүрлі жазғы жәрмеңке. Атбасар артезиан алабы – Ақмола облысының солтүстік-батысындағы 20 000 кm²-ден астам жер асты суы бар аймақ.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Атбасар (мағына) · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.