Самойличенко Анатолий Николаевич – совет сот эксперті, медицина ғылымдарының докторы. 1968 жылдан КОКП мүшесі. Одесса медицина инмтитутын және оның аспирантурасын бітірген. 1965-69 ж. сонда ассистент. 1969 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина институтында сот медицинасы кафедрасын басқарды. Негізгі ғылыми еңбектері сот медицинасы мәселелеріне арналған.
Дереккөздер ↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7