Өріс:

Математикада Өріс — алгебра элементтерінің жиынында нөлден өзге элементтерге бөлу операциясы бір мәнді түрде анықталған Сақина (алгебра)сақина. Дифференциалдық геометрияда скаляр, векторлық, тензор өрісі

Физикада Өріс — шексіз еркіндік дәрежесінің санына ие және физикалық шаманың кеңістікте үздіксіз таралуымен сипатталатын жүйе түріндегі материяның ерекше түрі.

Информатикада Реляциялық деректер базасында өрістредің негізгі төрт типі пайдаланылады: сандық, символдық, даталық, логикалық. Сандық тип мәдері тек сандар: бүтін, бөлшек, ондық болатын өрістерден тұрады. Сандық өрістердің мәндері есептеулерде қолданылуы мүмкін. Символдық типте символдық ақпараты бар өрістер болады, бірақ символдық ақпарат цифрлардан да тұруы мүмкін, мысалы, реттік нөмір, телефон нөмірлері және т.б. сонда бұл өрістерге символдық тип меншіктеуге болады. Даталық типі өрістерінде күнтізбе күндері (кк/аа/жжжж орысшы дд/мм/гггг) болады. Логикалық тип "иә" - "жоқ" немесе "ақиқат" - "жалған" деген екі мәнді қабылдай алатын өрістерден тұрадыИнформатика. Жалпы білімберетін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2004. - 224б. ISBN 9965-33-206-1.

Лингвистикада Өріс — белгілі бір тілдің әр деңгейлік (морфологиялық, синтаксистік, сөзжасамдық және аралас лексика-синтаксистік т.б.) ортақ қызметі және белгілі бір семантикалық категория (Тілдік категория) негізінде өзара ықпалдас құралдарының жүйесі.