Капибара (судоңыз) — әлемдегі ең ірі кеміргіш. Оның денесі қатты қылшықпен көмкерілген. Аяқтарында жүзетін жарғақтары бар. Соның көмегімен ол жақсы жүзеді әрі жақсы сүңгиді. Шөбі шүйгінді өзен жағалауларында қоныстанады. Су өсімдіктерімен қоректенеді. Әр еркегінің бірнеше әйелі болады. Аналықтары жылына үш рет екіден, төрттен бала табады. Торайларының көзі ашық, дамыған қалыпта тууы олардың қолға тез үйренуіне де көмектеседі. Олар мейрімді, момын келеді.Жануарлар әлемінің үлкен атласы,«Алматыкітап» баспасы. 2000 жыл ISBN 2078-6727

Жалпы анықтама Денесінің ұзындығы - 107-134 см, ал бойы - 50-64 см, салмағы - 35-66 килограмды құрайды. Олар Оңтүстік және Орталық Американың су жағалауларында, тропикалық аймақтарында мекендейді. Капибара Бразилия, Аргентина, Колумбия, Уругвай, Венесуэла, Перу, Гайана, Парагвай сияқты елдерде көптеп кездеседі. Өйткені осы аталған елдердің ауасы мен суы олар үшін қолайлы.

Өмір сүруі және тамақтануы Капибара көбінесе Орталық және Оңтүстік Американың ірі су қоймаларының жанында өмір сүреді. Көбіне су астында және күндіз белсенді болады. Олардың жаулары көп, мысалы жылан, иттер, қолтырауын, ягуар және т.б. Олар 10-20 шақты болып өмір сүреді. Осындай топтарға бөлініп белгілі бір жерлерді басып отырады. Капибаралар жақсы жүзеді және сүңгиді. Осының арқасында олар су астындағы балдырлар мен өсімдіктермен қоректенеді.

Дереккөздер

Санат:Оңтүстік Америка сүтқоректілері Санат:Кеміргіштер