Улы сарғалдақтар ()-сарғалдақтар тұқымдасына жататын бір және екі жылдық шөптектес өсімдік.
Биологиялық сипаттамасы thumb|left|160px| Якоба Штурмның «Deutschlands Flora in Abbildungen» кітабынан сурет, 1796 Биіктігі 5-60см. Сабағы тік, түксіз жылтыр, ұшынан тарамдалып бұтақталған. Жапырақтары тамырға жақын, сабақ түбіне орналасқандары ұзын сағақты, жапырақ тақтасының жиектері терең ойықталып салаланған. Сабақ ұшына жақындаған сайын сағағы қысқара береді, жапырақ тақтасының пішіні де өзгеріп жіңішкереді. Жапырық тақтасы жалпақ және жіңішке болып 2 түрлі пішінге өзгереді.
Гүлдері қос гүлсерікті- 5 сарғыш түсті тостағанша жапырақша, 5 алтын сары түсті күлте, көп аталық, көп аналықтан тұрады.
Гүлінің формуласы: Көктемнің соңында, жаздың басында гүлдейді.
Жемісі- көпжаңғақша (многоорешек) әр жаңғақшасының ішінде бір тұқым болады.
Таралуы Мамырдан қыркүйекке дейін гүлдейді. Өсімдіктің барлық мүшесі улы. Мал жемейді. Улы сарғалдақтар- ылғалды шалғындықта, сазды жерлерде, өзендер мен бөгеттердің (тоғандардың) жағасында өседі.
Зияны Жасуша шырынында әртүрлі алкалоидтар болғандықтан уы орталық жүйке жүйесіне (ми мен жұлын), асқорыту жүйесіне және бүйрекке қатты әсер етеді. Сарғалдақтар тұқымдасына жататын өсімдіктердің 2000-нан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі улы.
Сыртқы сілтемелер
Дереккөздер
“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Санат:Сарғалдақтар тұқымдасы Санат:Гүлді өсімдіктер Санат:Улы өсімдіктер