Әбдікәрім Оңалбаев (5.12. 1901, Жалағаш ауданы Мақпалкөл (қазіргі Темірбек Жүргенов) ауылы – 6.4.1964, Қызылорда қаласы) – ақын. Коммунистік журналистика институтын бітірген (1938). Өлең-жырлары баспасөз бетінде 1930 жылдан бастап жарық көрген. 1940 – 43 жылдары «Әдебиет және искусство» («Жұлдыз») журналында жауапты хатшы, 1943 – 64 жылдары «Ленин жолы» («Сыр бойы») газетінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. Ақынның «Сыр бойы» (1951), «Таң алдында» (1963), «Өсиет» (1969), «Атамекен» (1981), «Туған жер» (1992) атты жыр жинақтары жарық көрген. 1991 жылы Мақпалкөл ауылындағы орта мектепке Оңалбаевтың есімі берілді.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6Қазақ энциклопедиясы Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Әбдікәрім Оңалбаев · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.