Малабо () (1973 жылға дейін Санта-Исабель, Santa Isabel) — Экваторлық Гвинеяның астанасы, порт, аэропорт.

Биоко (немесе Фернандо-По) аралының солтүстік жағында орналасқан. Экваториалдық Гвинеяның коммерциялық және қаржы орталығы.

Ағаш тілу және өндеу, пальма майы, сабын кәсіпорындары бар. Шетке какао, кофе, жеміс, жидек, ағаш материалдары шығарылады.

1969 жылғы елдегі жаппай тәртіпсіздіктен кейін европалық тұрғындардың саны көп қысқарды.

1980-ші жылдардың орталарында мұнайдың жаңа кен орындары табылғаннан кейін қаланың даму қарқыны, халықтың жұмыспен қамтылуы 90%-ға көтерілді.

Климат Ортажылдық жауын-шашын мөлшері - 1900 мм, ауаның орта температурасы 25°С. Жалпы климаты қолайсыз болып саналады.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Санат:Экваторлық Гвинея қалалары