Санитарлық-өнеркәсіптік бақылау -еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауқызметінің бір түрі.
Оған шаруашылық органдардың (оның ішінде жаболау-конструкторлық және технологиялық институттар мен бюролардың) жобалауда, құрылыста, қайта конструкциялауда,өнеркәсіптің профилі мен технологиялық процесстерді өзгертуде, сондай-ақ кәсіпорындармен құрылысты пайдалануға беруге санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелердің сақталуын қадағалауы жатады. Жаңа жабдықты жобалау, қолданудағы жабдық пен жұмыс аспаптарын жетілдіру және оларды күнделіеті пайдалану барысында да Санитарлық-өнеркәсіптік бақылау жүргізіледі.
Санитарлық-өнеркәсіптік бақылау органдары: денсаулық сақтау министрліктердің санитарлық-эпидемиологиялық басқармалары жергілікті санитарлық-эидемиологиялық стансалар.
Санитарлық-өнеркәсіптік бақылау сақтық және күнделікті бақылаудан тұрады. 1. Сақтық бақылауға өнеркәсіп орындарының құрылысына алаң бөліп беру, құрылыстың жобалануы мен салынуын бақылау, жаңадан салынған немесе қайта конструкцияланған өнеркәсіп орындарын пайдалануғы рұқсат ету, өнеркәсіп объектілеріндегі өнеркәсіп профилі мен технологиялық процесстерді өзгерту, бұйымның технологиялық шарттарын бақылау жатады. Заңда өнеркәсіп құрылысының барлық үлгідегі жобасының Санитарлық-өнеркәсіптік бақылаумен міндетті түрде шар жасауы қарастырылған. 2. Күнделікті санитарлық бақылауға санитарлық-эпидемиологиялық стансалар тарапынан кәсіпорын әкімшілігінің санитарлық нормалар мен ережелер талаптарын орындап отыруын бақылау, сауықтыру шараларының жоспарын жасауға қатысу, бұл шаралардың мерзімінде орындалуын бақылау, өндірісте зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларлдың алдын ала және мерзімді медициналық байқаудан өткізіліп отыруын бақылау, кәсіби аурулар мен улану себептерін зерттеу оларға қарсы әкімшілік үшін міндетті болып саналатын профилактикалық шаралар жасау жатады.
Санитарлық-өнеркәсіптік бақылау жұмысы өнеркәсіп орындары кәсіподақ ұйымдарының қатысуымен жүргізіледі.
Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Санат:санитар