thumb|Авиньодағы папа резиденциясы Авиньонда папаларды тұтқынға алынуы - (1309-77) - Рим папаларының француз корольдарына саяси тәуелді болып, Авиньонда еріксіз отыруы. Мұны "Вавилон тұтқыны" деп те атайды. 1294 жылы Франция королы Филипп IV Англияға соғыс жариялайды. Шығымдарды жабу үшін король салықты үлкейтеді. Соның арасында дін иелерінен де салық ала бастайды. Бұл мәселеде Рим папасы Бонифаций VІІІ-мен келіспейді. Бұрын салықтан алынған пайда папаның қорына түсетін. Король папаның қауым істеріне араласу правосын да мойындамады, ал папа барлық ақсүйек мемлекет басшыларын өз билігіне бағындырғысы келді. Филипп IV итальян феодалдарының көмегімен папа Бонифаций VІІІ-ні тұтқынға алып, оның орнына өзінің жақтасы, бордостық архиепискон Клемент V-ні (фрацуз) 1305 жылы папалыққа сайлатты. 1309 ж. ол папаның резиденциясын Авиньонға көшіріп әкелді. 1377 жылы Францияның 100 жылдық соғыстағы қиыншылықтарын пайдаланып, папа Григорий ХІ папа резидециясы Римге қайта көшірді. Папа билігі екіге (Римде және Авиньонда), 1409 жылда үшке бөлінді. Авиньон заманында тақта отырған Рим папалары: Климент V: 1305—1314 Иоанн XXII : 1316—1334 Бенедикт XII : 1334—1342 Климент VI : 1342—1352 Иннокентий VI : 1352—1362 Урбан V : 1362—1370 Григорий XI : 1370—1377 Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Рим папалары