Түктібай (1993 жылға дейін – Гагарино)Об упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылдық округінің құрамындағы ауыл.

Тарихы Колхоздастыру кезінде "Чкалов колхозы", одан кейін "Қызылкүншығыс ауылы" деп аталған. Ауыл деп аталғанымен халық сай-салада, төбе-төбеде тұрып келген. Тек 1958 жылы бытыраған халықтың басын қосып, көше тіліп топтастырған. 1961 жылы күзде ауыл аты Кеңес Одағының тұңғыш ғарышкері Гагарин атына ауыстырылған. 1990 жылы бұрынғы тарихи атауы -Түктібай қайтарылды. Бұл мекенде Түктібай батыр жоңғар-қалмақ басқыншыларына қарсы соғыста батырлығымен, ерлігімен көзге түскен және ауыл тұрғындарының көп бөлігі осы батыр ұрпағы.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен705 805 114,2 348 420 120,7 357 385 107,8

Дереккөздер

Санат:Жуалы ауданы елді мекендері