Қызтоған — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл, Қошқарата ауылдық округінің ең шеткері елді мекені.
Географиялық орны Жуалы ауданының солтүстік-батысында, Түркістан облысы Бәйдібек ауданына жақын орналасқан. Бұл ауылдың Қызтоған аталу себебі, Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан сұрапыл жылдары бар ауыртпашылық, тауқымет бала-шаға мен қыз-келіншектерге түскені белгілі. Сол атыраптағы егінді суару мақсатымен қыз-келіншектер жабылып, өзен бойынан тоған салған екен. Сол тоғанның орны әлі бар. Қыздар салған тоған "Қызтоған" аталған. Кеңестік дәуірде "22-партсъезд" атындағы үлкен кеңшардың бір бөлімшесі болған.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен275 253 92 137 111 81 138 142 102,9
Дереккөздер
Санат:Жуалы ауданы елді мекендері