Артур Древс - - (01.11.1865, Итерзен, Германия — 19.07.1935, Ахерн, Германия) — неміс философы, жазушы. Идеалист. Мифологиялық мектептің өкілі. Дін саласыдағы зерттеулерінде ол тәураттағы аңыздардың ІІ-ші ғасырда пайда болғанын дәлелдеді. Бірақ христиан дінінің негізінде гностицизм бар деп қателесті.
Негізгі еңбектері: Негізгі еңбектері: "Христ туралы миф" "Мария қыз туралы миф" "Гностицизм мен христиандықтың тууы" "Исустың тарихи жан екендігін өткенде және қазір теріске шығару" т.б. Бұл кітаптарында протестант және католик аңыздары сыналады. Бірақ автор христиан және басқа діндерге қарсылық білдірмейді.
Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Санат:Философтар Санат:Германия тұлғалары Санат:1865 жылы туғандар Санат:1935 жылы қайтыс болғандар