Тұранбаев СатылғанГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950.412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бірлік-Үстем колхозының қызылшашылар бригадасының бригадирі (1947). 1912 жылы Жамбыл облысында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі Ауылдық мектепті бітірген соң, көп жыл колхозда диқаншы болып жұмыс істейді. Ұлы Отан соғысы жылдары, майданда болып, көрсеткен жауынгерлік ерліктері үшін мемлекеттік медальдармен марапатталып, еліне қайтады. 1946 жылы колхозда техник болып жұмыс істейді. 1947 жылы қызылшашылар бригадасына басшылық етіп, өздеріне бекітілген 7 гектар жердің әр гектарынан 809 центнерден қант қызылшасын алып, жоспарды артығымен орындайды.
Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Жамбыл облысында туғандар