Ливингстон жарғанаты немесе Комор ұшкыш түлкісі- () - сүтқоректілер класының Қолқанаттылар (лат. Chiroptera) – отрядына жататын жануар.

Биологиялық сипаттама Ливингстон жарғанатының салмағы 700 г жуық, қанатының ені 1,8 м-ге жетеді. Денесі жалпақ, түсі сұр, қоңыр, қара-сұр, тері жамылғысы жұмсақ, үлпілдек. Төсінде бұлшық еттер орналасқан қыр сүйегі болады. Бұғана сүйектері жақсы жетілген, жауырыны жалпақ. Алдыңғы аяқтары ұшу қанатына айналған. Білек, алақан сүйектері және саусақтары (бірінші саусақтан басқалары) ұзын, аралары тері жарғақпен жалғасқан. Көпшілігінің құйрығы бар, әдетте ол ұшу жарғағымен байланысады.

Сезім мүшелері, иіс сезу, есту мүшесі жақсы дамыған, көру мүшесі нашар жетілген. Жануар шығарған ультрадыбыстарын әр түрлі заттарға соғылып қайтадан қайтқан жаңғырық түрінде қабылдайды. Жылдың салқын маусымдарында дене қызуы қоршаған орта температурасына байланысты –7,5 градустан 48,5 градусқа дейін өзгеріп тұрады.

Аталықтары жыныс жағынан көктемнен күзге дейін, аналықтары күзден көктемге дейін жетіледі. Осыған орай, шағылысу көктемде, жаздың аяғында, не күздің басында жүзеге асады. Жылына 1 рет шағылысып көпшілігі 1 ғана ұрпақ әкеледі. Ұрпақтары тез жетіліп, 30-45 күнде өз бетінше тіршілік ете бастайды. Көпшілігі 8–9 жыл өмір сүреді. Көбінесе тұманды орманда 850м-1100м биіктікте жүреді. Жеміс-жидектермен (мысалы, сары фикус) көретенеді. Түнде де күндіз де белсенді.

Таралуы Ливингстон жарғанаты тек қана екі Комор аралдарында кездеседі.

1992 жылы Анжуане аралында 152 дана, ал Мвали аралында 1-ақ данасы қалған. Сол себепті Қызыл кітапқа жойылу қаупі төнген түрлерге қосылған.

Үлкен жұмысты нәтижесіде 2003 жылы популяциясы 1200 данаға көтерілген.

Пайдалаған әдебиет “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 Полная иллюстрированная энциклопедия. «Млекопитающие» Кн. 2 = The New Encyclopedia of Mammals / под ред. Д. Макдональда. — М.: «Омега», 2007.

Сыртқы сілтемелер http://www.webcitation.org/68nNCTKUR|archivedate=2012-06-30 http://ibis.nott.ac.uk/Action-Comores/ac_howmany.htm|publisher=Action

Санат:Жойылу қаупі төнген түрлер Санат:Жарқанаттар Санат:Африка сүтқоректілері Санат:Комор аралдары эндемиктері Санат:Коморлар Санат:1866 жылы зерттелген жануарлар