Руденко Павел ЗиновьевичГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950.412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Жамбыл МТС-ның аға механигі (1947). 1911 жылы Ресейдің Омбы облысы, Полтавск ауданы, Полтавка селосында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1933 жылы Қазақстанға, Жамбыл қаласына қоныс аударып, жылқы зауытында 3 жыл механик болып істейді. 1936 жылы Шымкент механикаландыру мектебі жанындағы механиктер курсын бітіріп, Жамбыл облысы, Свердлов МТС-да аға механик болып еңбек етеді. 1939 жылы Жамбыл қаласында ұйымдастырылған шаруашылық есептегі машина-трактор шеберханасының бақылау механигі болып тағайындалады. 1941-1946 жылдары Комсомол МТС-нда аға механик болып істейді. 1947 жылы Жамбыл МТС-на аға механик болып ауыстырылады. Жұмысты дұрыс ұйымдастыра білуі: жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізілуін бақылау; тракторшылар, комбайншылар және механиктер құрамын таңдау; оларды жұмысқа дайындау сияқты өзінің қызметтік нұсқамасына сай қимыл-іс әрекетінің арқасында жыл сайын жоспарды артығымен орындап отырды. 1947 жылы жоспарды асыра орындап, колхоз әр гектардан 328 центнерден, мол түсімді алқаптан - әр гектардан 496,4 центнерден өнім жинайды.
Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері