Косенко Николай ВасильевичГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке ауданы, "Красный Восток" колхозының председателі (1945). 1902 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Кузьминка селосында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі Колхоз ұйымдастыру кезінде ауданда алғашқылардың бірі болып өз колхозының құрылысын бастапқы да серіктестік, одан кейін ауылшаруашылық артелі етіп қалыптастырады. Сол кезде оны басқарма председателі етіп тағайындайды. 1930-1941 жылдары ауылдық советтің председателі және де басқа советтік және партиялық органдарда жұмыс істейді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына қатысып, майдандағы ерліктері үшін медальдармен наградталады. 1945 жылы соғыстан оралғаннан кейін "Красный Восток" колхозының председателі болады. Соғыс кезінде тұралап қалған колхоз шаруашылықтарын қайтадан қалпына келтіру жұмыстарын қарқындатып, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін жоғарлату барысында қажырлы еңбек етеді. 1947 колхоз жылы 8 гектар жердің әр гектарынан 800 центнерден қант қызылшасын жинап, рекордтық өнім алады.
Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері