Кітап басу ісі Италияда ХV ғасырдан басталады. 1465 жылы Рим қаласының маңындағы Субиако шіркеуінде Цицеронның «Об ораторе» кітабы басылып шықты. 1973 жылы Италия бірінші баспа ісінің құрылғанына 500 жыл толғанын кең көлемде атап өтті. Бұл салтанатқа арналған көрмеде бес ғасырдың басылымдары қойылды. Көрмеден антикварлар, жаңа басылымдармен қатар біртума-шедеврлар, мысалы 1469 жылы басылған Цицеронның «Письма к друзьям» басылымы да жарық көрді. Италияда экономикалық және мәдени дамуына орай кітап баспа ісінің өз спецификалық (өзгешелігіне байланысты) проблемасы мен өзгешелігі бар. Саяси және мәдени даму саласында шығарылып жатқан кітап басылымдарының таралуы Италия мемлекетін алаңдатып отырады. Оның себебі дамыған Еуропа елдерінің ішінде Италия кітап оқу жағынан артқы орындарда келеді. 70-80 жылдары жүргізілген кейбір зерттеулерде 70% жақын халқы кітап оқымайды деп берілген. Сонымен бірге кейінгі жылдары кітап бағасының көтерілгені байқалады. Осыған байланысты Италия мемлекетінде көптеген шығармалар бөлініп, дәптерлік нұсқада шығару басым болып келеді. Шығарманың толық мәтіні шығып болған соң, егер оқырман бар бөлімін сатып алған болса, онда оқырманның сұрауы бойынша оның бар бөлімінің басын қосып, тігіп, түптеп береді. Мысалға 1980 жылдары «Rizzoli» баспасы Француздың «Larousse» баспасымен біріге отырып, '«Всеобщая история от древнейших времен до наших дней» басылымын шығарған. Ол 76 апталық-дәптерден тұрған, соңғы апталық дәптері шығып болған соң басын біріктіріп құрастырғанда 4 том болған. Италия баспагерлеріне сонымен бірге италиян тілі көп таралмағандықтан, кітап экспортының да қиындығы бар, мысалы ағылшын тілінде шығарылатын кітаптардан оның тиражы 6-7 есе төмен болып келеді. Әрине осындай қиыншылықтар Италиян баспагерлері мен үкімен орындарына мәселені шешу проблемаларын қояды.Үкімет кітап экспортын дамыту үшін экспертарларға 1955 жылғы шыққан заңдарына сәйкес қаржы бөледі. Ол заңда тек қана баспагерлер мен авторларды ғана емес, Италия әдебиетін шет елдерге насихаттауда баспаханаларды да қаржыландырады.Осы мақсатта арнайы сыйлық фондлары бар. Әрине, бұл бір ғана іспен кітап шығару, тарату, оқылуы сияқты ондай үлкен мәселені шешу оңай емес екені белгілі. Италияда 15 мыңға тарта кітапхана бар, оның 8 мыңға тартасы жоғары оқу орындарына арналған, сондықтан оған жаппай халық бара алмайды. Кітаптың оқылу мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Мысалы Ватикан кітапханасында 60 мыңға тарта құнды кітаптар қолжазбасы бар. Бір ерекшклігі Италияда газет-журналдар көп оқылады. Әсіресе, әсем безендірілген журналдар. Ай сайын, екі аптада бір шығарылатын басылымдарға оқырман сұранысы жоғары.

Италия баспагерлері Ассоциациясы

Италияда бірінші баспа пайда болғанан соң, әуелі Венецияда, одан соң Рим, Миланда Италия баспагерлер Ассоциациясы құрыла бастады. Бұл әрине, баспа саласының тез етек алуына көмектесті. Ассоциациялар негізінен кітап сатудың ережесін, кітап таратуда туындайтын кедергілерді шешуге, кітап дүкендеріне сатушылар дайындауға көмектесті. Бірақ діни цензура, кітаптарды заңсыз басу, сонымен бірге кітаптаратушылардың өздерірің араларындағы бәсекелестіктің салдарынан Венеция баспагерлерінің даму қарқыны тоқтап қалды, тек тұңғыш рет Авторлық құқық туралы заң шығарылып, қоғамның да білімі кеңейген соң, жағдай жақсара түседі. ХIХ ғасырдың екінші жартысында Италияның ұлттық мемлекеті құрылған соң кітап басу мен кітаптарату ісі қайта жанданады. 1869 жылы «Италия баспагерлері мен кітаптаратушылар Ассоциациясы» құрылады. Сонымен бірге 1870 жылы «Италия басылымдарының библиографиясы-Италиянская библиография» шыға бастайды. 1891 жылы Италия кітаптарының «Catalogo colettivo della libreria Italiana» каталогы шығады. Одан 10 жыл өткен соң, екінші католог '«Catalogo generale della libreria Italiana» шығады. Италия ол жылдары үлкен дүкендер баспагерлерінің иелігінде болды, ал Милан қаласы кітап басу мен кітап сатудың орталығы болды. Бірінші анайы кітап дүкендері сонымен бірге антикварлық кітаптарды сататын да дүкендер Милан қаласынан ашылды. Кітап тарату саласын монополиялаған үлкен коммерциялық ұйымдар Италияда бірінші дүниежүзілік соғыста және одан кейін пайда бола бастады. Соғыс жылдары Италия Ассоциациялары таратылады. Баспа ісінің қайта жандануы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталады. 1946 жылы Италия баспалары (кітап және журнал)қайтадан ұйымдасып, Миланда «Италия баспагерлер Ассоциациясын» құрады. Ассоциацияның құрамы екі бөлімде жұмыс атқарады. Бірінші бағыттағы баспалар- оқулықтар шығарумен айналысса, екіншісі-әдеби-көркем шығармалар, ғылыми-техникалық, өнер тақырыбындағы басылымдарды шығарады. Ассоциацияның 1881 жылы Миланда құрылған «Giornale della Libreria» атты журналын шығарып тұрады. Журнал екі бөлімнен тұрады: баспа ісі және библиография. Бірінші бөлімінде кітапқа байланысты барлық мәселелер қаралса, библиография бөлімінде жаңа кітап туралы және қайта басылым туралы жарнамалар беріліп тұрады. Ассоциацияның негізгі міндеттері өз құрамындағы баспалардың құқықтарын және мүдделерін қорғау экономикалық, моральдық жақтарынан заң шеңберінде көмектесу, кітап тарату саласында мемлекет ішінде және шет елдерге таратуға көмектесу. Кітап көрмелерін ұйымдастыру. Сонымен бірге басқа да Ассоциациялар құрылған. 1945 жылы Римде «Ассоциация итальянских книготорговцев» құрылған. Баспа құралы Римде шығып тұратын «Книжная торговля» журналы. Сонымен бірге Болонье, Миланда шығатын да журналдары бар. Газет шығарушылар «Газет шығарушылар федерациясына» біріккен. Полиграфистердің де өз Ассоциациялар бар Олардың да өз басылым органдары бар, бар Ассоциациялар Халықаралық Ассоциацияның мүшесі, сондай-ақ Еуропалық экономикалық бірлестіктің де отырыстарына қатысады.

Италияның үлкен кітап фирмалары

Италияда кітап басу фирмалары бір-бірінен құрылған уақыттары яғни «жастары», капиталдарының көлемімен, шығаратын өнімдерінің түрімен айырмашылықтары ерекшеленеді. Қоғамның құрылымына қарай Италия коммунистік партиясының және басқа да саяси демократиялық ұйымдарының баспалары болған. Кей баспаларының тарихы бірнеше ғасырларға кетсе, кей баспалары тарихы бірнеше жыл ғана болады. Ең көне баспаларға жататындар: «U.T.E.T.» (УТЕТ) (Unione Tipografico-Editrice Torinese» 1795, «Casa Editrice Marietti.S.p.A» 1820, «Ancora Editrice» 1821, «Fr.Vallardi», 1840, «Casa Editrice Licinio Cappelli» 1851, «AlanariS.p.A. instituto di Edizioni Artistiche» 1854, «N.Zanichelli S.p.A» 1859, «Tamburini» 1868, ж.б. баспалары. Кейінгі жаңа баспалары екінші дүние жүзілік соғыстан кейін құрылған. Италия баспа саласы кітап, газет, журнал – деп бөлінбейді, тұтас алынып, оның ішінде типографиясы да бар- Италия баспа саласы деп аталады. Италия баспа саласының құрылымы ұсақ баспалардан құрылады. Көбінесе 1-ден 10 адамға дейін қызмет атқаратын баспалар. Үлкен құрамында 500-ге дейін қызмет атқаратын баспалар бірінші ондықты құрайды.Негізгі баспа ісінің орталығы- Милан қаласы, шамамен400-450 баспа шоғырланған, одан кейін Рим, Турин, Флоренция, Неаполь, Болонье, Палермо, Генуе, Венеция, Падуе, Бари қалалары келеді. Тек қана Италияда ғана емес, бүкіл Еуропа аймағында беделі бар, Италияның ең үлкен «Mondadori» баспа бірлестігі. «Mondadori» 1907 жылы Миланда құрылған.1970-80 жылдары оның қаржы айналымы 250 миллион долларды құрған, оның 50 мил-н шетелдердегі филиалдарынан түскен. Оның шет елдегі бірлестіктері Нью-Йорк, Париж, Лондон, Мюнхен сияқты үлкен қалаларда орналасқан. «Mondadori» баспасының құрамында ең жаңа техникамен жабдықталған үлкен полиграфиялық бірлестік, қағаз фабрикасы, жарнама агенттігі, кітап сауда бірлестіктері шоғырланған. Полиграфиялық бірлестіктері негізі Милан мен Вероне қалаларында орналасқан. Қызметкерлер саны 2000-ға дейін кетеді. Оның құрамында аудиокітаптар шығару да бар. Шығаратын басылымдарының да тематикасы өте бай болып келеді, ғылым-білімнің бар саласын қамтиды. Онда сөздіктер, энциклопедиялар, философия, тарих, өнер, көркемәдебиет, балалар әдебиеті, оқулықтар шығарылады. Басылымдар жұмсақ мұқабада және қатты мұқабада шығарылады. Сонымен бірге мерзімді басылымдар да көп шығарылады. «Mondadori» бірлестігінің басылымдары өте жоғары редакциялаумен, әдеби безендіруімен, полиграфиялық жоғары спапасымен ерекшеленеді.Кітаптары өте сауатты басылады. «Mondadori» баспасынан шыққан «Гиганты мировой литературы» 28 томы, «Великие мужчины и женщины всех времен» 50 томдық, «Известные музеи мира» 15 томдық кітаптары мен бірге әлем өркениеті сериялары, «Гени искусства» серияларымен шыққан басылымдардың қай-қайсысында болсын иллюстрациялары өте көп. Кітаптарының сапасын айтар болсақ мысалы «Современные ученые и технологи» басылымында 1450 иллюстрация берілген. Бұл басылымды дайындауда 112 Нобель сыйлығының лауреаттары қатысқан. «Mondadori» Басқа мемлекетпен бірлесіп шығаратын басылымдарға да қатысады.Мысалы Франкфурт жәрмеңкесінде «Mondadori» баспасымен бірлесіп шығарылған 40 басыоым қойылды. «Mondadori» кітап таратуда бұтақталған, салаланып кете беретін сауда жүйесін құрған. Осы жүйелер арқылы кітап тараты саласында үокен жетістіктерге жетіп жүр. Кітап рыногын зерттеу, жоспарлау саласында да өз беттерімен көп шараларды шеше алады.Осы жүйелері көптеген ұсақ жүйелерге бөлінеді, олар кітап магазиндерімен, агенттіктермен, кітаптаратушылармен тығыз байланысады. Бұл жүйе өз құрамында 300-ге тарта агенттікпен, сол сияқты киоскалармен жұмыс істейді. Шет елдерде 40- тан астам кітап магазиндері бар. «Mondadori» сонымен бірге кітап тарату ісінде Кітап клубтарының жұмысын жоғары бағалайды. Құрамында 265 мың мүшесі бар «Club degli Editori» клубы арқылы көптеген кітаптары таралады, 10% дейін қаржылары артады. Келесі үлкен баспаларының бірі «Rizzoli» (Риццоли) Милан қаласында орналасқан, 1929 жылы негізі салынған. Құрамында 3 мыңнан аса қызметкерлер жұмыс атқарады. Оның құрамында бірнеше баспа біріктірілген. «Риццоли Эдиторе», «Эдиториале дель Коррнре делла Сера» газет-журнал шығарады.Ол үлкен концерн, сонымен бірге бұқаралық ақпарат саласына да ықпал етеді. Оның шығаратын кітаптарының тақырыбы; энциклопедиялар, қоғамтану кітаптары, филология, тарих, көркем әдебиет, оқулықтар, анықтамалықтар т.б. Сонымен бірге газет-журналдарды да көптеп шығарады. Фирма шет елдік кітап басушылармен тығыз байланыста, мысалы американ кітап рыногына тек қана Италия басылымдарын ғана емес, Франция, Германия басылымдарын да шығарады. Нью-Йоркте өз кітап дүкендері бар. «Rizzoli» баспа-фирмасы жұмыстарының сапасының өте жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Мысалы Нью-Йоркте тапсырыс берген оқырманының заказын олао 48 сағаттың ішінде орындайды. Айтқан уақыттарында тапсырыс орындалмаса олар жауапкершілдіктерінің кеміп қалатынын жақсы біледі. «Rizzoli» шетелдік баспалармен бірігіп жұмыс атқарады. Еуропа елдерінде шыққан кітаптардың каталогі француз, италиян, испан тілдерінде бірнеше рет шығарды. Өздерінің кітап клубтары бар. «Клуб Итальио дель Летторе». Миланда сонымен бірге «Gruppo Editoriale Finanziaria»-Группо Эдиторкале Финанциарио» (Кейінен ол Социета Эдитриге Финанциарио деп аталды) біріктірілген баспалар группасы 1974 жылы құрылған. Оның құрамына бұрыннан келе жатқан бірнеше баспа кіреді. «Fratelli Fabbri» (Франтелли Фабри) Миланда 1946 жылы негізі қаланған. Көркем әдебиет, философия, діни әдебиеттермен бірге карта мен журнал да шығарады. Көптеген кітаптарын жұмсақ мұқабада шығарады. Баспа сонымен бірге төменгі класс оқулықтарын шығарады. «Valentino Bompiani» (Валентино Банпиани) 1929 жылы Миланда құрылған. Негізінен көркем әдебиет шығарады, сонымен бірге энциклопедия, анықтамалықтар да шығарады. «Adelphi» (Адельфи) 1963 жылы Миланда ашылған өзіндік беделі бар баспа, негізінен- философия, өнертану, религия, психология тақырыптарындағы кітаптарды шығарады. «Boringhieri» (Боринтьери)1957 жылы Туринде құрылған. Жылында 500 жаңа басылым шығарады, медицина, техника, философия кітаптарын шығарады. «Sonzogno»(Сонцоньо) ертеден келе жатқан баспаларының бірі. «Этас –Компасс» техникалық әдебиеттер шығарады. Бұлардан басқа да бірнеше баспалары бар. Бұл баспа группасы өз құрамында «SATE» типографиясы, екі жарнама агенттігі бар.