Мүктікөл – Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы ауыл, Мүктікөл ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Жітіқара қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 50 км-дей жерде, Орал алды үстіртінің етегінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 947 адам (480 ер адам және 467 әйел адам) болса, 2009 жылы 427 адамды (227 ер адам және 200 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1900 жылдың бас кезінде қаланған. 1932 – 54 жылдары өзімен аттас астық өндіретін ұжымшар орталығы, 1954 – 96 жылдары кеңшар орталығы болып келді. 1996 жылдан кеңшар негізінде мұнда 56 шаруа қожалығы құрылды.
Дереккөздер
Санат:Жітіқара ауданы елді мекендері