thumb| Бояуриян Бояуриян -(лат. Rúbia) –Бояурияндар (Rubiaceae) тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Бояуриянның ең белгілі түрі - Марена красильная (Rubia tinctorum L.), Бояуриянның бұл түрінен крапп бояғышын жасайды. Ботаникалық сипаттама Тамырының ұзындығы 10-25см қалыңдығы 0,5см іші сағышқызыл түсті, сырты – қоңыр. Жапырақтары сабағына айналмалы орналасқан. Гүлдері майда дөнгелек пішіндес, 4-5 бөліктен тұады, екі жынысты. Жемісі – етжең шырынды, дәнегі бар. Таралуы Оңтүстік Еуропада және Азия, Америка мен Африканың тропикалық елдерінде жабайы түрінде өседі. Химиялық құрамы Өсімдіктің тамыры мен тамырсабақтарынан антрахинон, руберитрин қышқылын, рудиадин, пурпурин, ализарин таза түрінде табылған. Пайдалануы Теріден және жүннен жасалған бұйымдарды бояу үшін. Медицинада тамыры мен тамырсабақтары зәр айдағыш ретінде, өт қалтасы ме бүйректегі тастарды қобсыту үшін, әсіресе, тастар фосфатты және оксалатты болса.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Бояуриян · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.