Kind of Blue — америкалық джаз музыканты Майлз Дэвистің 1959 жылы 2 наурызда және 22 сәуірде Нью-Йорктегі «Columbia 30th Street Studio» студиясында екі сессия кезінде жазылған және сол жылы 17 тамызда «Columbia Records» шығарған студиялық альбомы. Көптеген музыка сыншылары Kind of Blue-ді ең ұлы джаз жазбасы, Дейвис өнердегі үздік туындысы және барлық уақыттағы ең керемет альбомдардың бірі деп санайды. Альбом джаз, рок және классикалық музыканың кейінгі дамуына әсер етуінің арқасында тарихтағы ең ықпалды жазбалардың бірі ретінде қарастырылады.
Нақты сандар туралы біраз пікірталастар болса да, Kind Of Blue жиі барлық уақыттағы ең көп сатылатын джаз жазбасы ретінде аталады. 2019 жылы Американың дыбыс жазу өнеркәсібі қауымдастығымен бес миллион дана жиынтық тиражбен бес рет «платиналық» альбом ретінде сертификатталды.
Альбом туралы Диск Нью-Йорк CBS 30th Street Studio студиясында 1959 жылы 2 наурыз бен 22 сәуірде жазылды. Жазбаны жасауға саксофоншылар Джон Колтрейн мен Джулиан "Каннонбол" Эддерли, пианист Билл Эванс (тректердің бірінде Уинтон Келли ауыстырған), басист Пол Чамберс және барабаншы Джимми Коббтан тұратын Дэвистің "бірінші ұлы" секстетінің музыканттары қатысты.
Композициялар тізімі Барлық әндерді жазған Майлс Дейвис.
Әдебиеттер тізімі Palmer, Robert (1997). Liner Notes to 1997 Reissue. Kind of Blue (CD). New York, NY: Sony Music Entertainment, Inc./Columbia Records
Blumenthal, Bob (2001). Liner Notes, Miles Davis at Newport 1958. Columbia/Legacy CK85202
Сыртқы сілтемелер Kind of Blue (барлық басылымдары) Discogs
Дереккөздер
Санат:Майлз Дэвис альбомдары