Казарма — Жамбыл облысы Тараз қаласындағы ықшам аудан, бұрынғы ауыл, темір жол айрығы. 2012 жылға дейін Жамбыл ауданы құрамында болған.Елді мекендердің әкімшілік бағынысын және ауылдық округтердің шекарасын өзгерту туралы

Тарихы Казарма темір жол айрығының алғашқы үйлері теміржолшылар үшін тұрғызылған болатын. Оны жұмысшылар "Полуказарма" деп атаған екен. Кейінірек халық көшіп келе бастаған. Ел аузында Казарма елді мекені Ақтам деп те айтылады. Казарма темір жол айрығы Талас және Аса өзендерінің оазисінде орналасқан, суы мол, жері құнарлы, тұрғындары бау-бақша өсірумен айналысады.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Географиялық орны Тараз қаласының оңтүстік-батыс шетінде орналасқан.

Халқы Тұрғыны 0,2 мың адам (2009). Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Тараз қалалық әкімдігінің таратылған елді мекендері