Жазин Нұрмұхамбет (1903, Ақмола ауданы №6 ауылы – 1984) – қоғам қайраткері. Жамантұз машина-трактор стансасында, Сталин аудандағы кеңшарда агроном (1928 – 32 ), Солтүстік Қазақстан облысы, қаласылық партия комитетінің аппаратында (1932 – 43), Көкшетау, Ақмола облыстарының ауыл шаруашылығы мекемелерінде (1944 – 49) қызмет атқарды. Еркіншілік ауданы атқару комитетінің төрағасы, ауданы комитетінің хатшысы (1949 – 52), 1955 жылдан Новочеркасск ауданы атқару комитетінің төрағасы, 20 жылдан астам Астрахан ауданы халық депутатары кеңесінің төрағасы болды. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутатары екі шақырылымының депутаты. Ленин орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы
Пайдаланылған cілтемелер
Санат:Ғылым