Қосы батыр (2020 жылға дейін — Қарасу)Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округінің Қарасу ауылын Қосы батыр ауылы деп қайта атау туралы — Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 19 км-дей жерде.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен618650 683 105,1 342 344 100,6 308 339 110,1

Ауыл атауының шығу тарихы Ауыл маңында бірнеше терең сайлар бар, осы сайлар әр көктемде және су мол болған жылдары жоғары жақтағы Ақшолақ ауылы жағынан аққан сулар осында жиналып, жаңағы терең сайлардың ернеуін шайып, ауыл сыртындағы үлкен тоғанға қарай ағады. Кейде су мол болып, ауылдың ортасындағы көпірлерді шайып кетіп отырған. Тоқтаған су жаз айларына дейін тартылмай, сайларда қарақошқылданып жататын болған. Табиғаттың осы бір құбылысы жылда қайталанып, осы жерді мекендеген халық өз ауылдарын "Қарасу" деп атап кеткен.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Байзақ ауданы елді мекендері