Көкбастау — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл, Жаңатұрмыс ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 11 км-дей жерде.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен10971618 1253 77,4 815 640 78,5 803 613 76,3

Тарихы Іргесі 1950 жылы Амангелді атындағы қызылша өсіру шаруасымен айналысатын ұжымшар негізінде құрылған. Бір кездері ауыл маңында "Қарлығаш" атты бастау болған. Сол таза бұлақтан ауыл адамдары су алып тұрса, сол бастаудан аққан арықтан ауыл малдары сусындаған. 1948 жылы мұнда халық үй сала бастайды. Ел кәдесіне жараған мөлдір таза бұлақтың атымен жергілікті халық ауылдарын "Көкбастау" деп атап кеткен.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Байзақ ауданы елді мекендері