Арыстан () — эклиптикадағы он екі зодиак шоқжұлдыздардың бірі.

Қазақ халқы Арыстанды "Қамбар" деп те атайды. Шоқжұлдыз күнбатысқа қарап шабындап тұрған айбарлы арыстан сияқты көрінеді. Қазақ оның екі жұлдызын "Қамбардың" мұрты және екі жұлдызын аузы , енді бір сарғыш жұлдызын өті, келесі жұлдыздарын құйрығы деп атайды. Ақпан, наурыз айларында жақсы көрінеді. Оның ең жарық жұлдызы - Регул (α Арыстан) 1-визуаль жұлдыздық шамада жалтырап көрінеді. Ай орбитасына жуық орналасқандықтан, Арыстан Аймен тоғысады.Қазақ Кеңес энциклопедиясы, 1-том Арыстан - Шаян мен Бикештің ортасында жатқан солтүстік жартышар аспанындағы зодиактық шоқжұлдыз. Оның символы ()

Дереккөздер

Санат:Зодиак шоқжұлдыздары Санат:Катастеризмдер Санат:Арыстан (шоқжұлдыз)