Битный Михаил АнтоновичҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1966), инженер, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978), ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). 1919 жылы Ресейде Смоленск облысы, Новоселки деревнясында туған.

Еңбек жолы 1944 жылы Ленинград әскери-механикалық институтын бітрді. Еңбек жолын 1941 жылы бастаған. Алғаш Пермьде заводта мастер, конструктор болып істеді. 1944 жылдан Кемерово облысында заводта цех бастығының орынбасары, механикалық-құрастыру және құрастыру цехтарының бастығы болды. 1956 жылдан Алматы ауыр машина жасау заводына жіберілді. Мұнда ол өндіріс бөлімінің бастығы (1956-1957), заводтың бас инженері (1957-1959) қызметін атқарды. 1959 -1987 жылдары завод директоры болды.

Жетістігі КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978). ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). 1961-1986 жылдары - Қазақстан КП ОК-інің мүшесі. 8-ші сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты.

Наградалары Ленин ордені Социалистік Еңбек Ері (1966) Еңбек Қызыл Ту ордені (1981) Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері

Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары