Петр Федорович МузыкаҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1957), комбайыншы, ауыл шаруашылығы өндірісінің жаңашылы. 25 мамыр 1919 жылы Павлодар облысы, бұрынғы Лозов ауданы (қазіргі Успен ауданы), Павлов селосында туған.

Еңбек жолы Еңбек жолын 1932 жылы колхозшы болып бастады. 1938-1958 жылдары Надаров МТС-інде комбайыншы болып еңбек етті. 1954 жылдан КОКП мүшесі. 1958 жылда "Коммунизм таңы" колхозында комбайыншы, онан соң машина ауласының меңгерушісі болды. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары сағаттық график бойынша еңбек етіп, үздік танылды. Бұл жаңалық оған 1950 жылы 2 комбайнды тіркеп, бір маусым ішінде 3839 га жердің егінін жинауға мүмкіндік берді. 1956 жылы өз агрегатының ұжымымен бірге тәулігіне 70-75 га жердің егінін орды. Кейбір оның тәуліктік жұмыс өнімділігі 110-120 га-ға дейін жетті.

Жетістігі Ауыл шаруашылығы өндірісінің жаңашылы, атақты механизатор. 1947, 1951 және1955 жылдардағы сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты болды.

Наградалары 2 мәрте Ленин ордені 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1957) Медальдар

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары