Қапиза ӘбдіғұловҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987.- Социалистік Еңбек Ері (1966), агроном, ауыл шаруашылығы озаты. 8 тамыз 1924 жылы Алматы облысы, Талғар ауданы, Бірлік ауылында туған.
Еңбек жолдары 1942-1949 жылдары Совет Армиясы қатарында болған. 1949 жылдан КОКП мүшесі. 1951-1952 жылдары "Қызылту" колхозының бухгалтері. 1958 жылдан - Алматы облысы Талғар ауданындағы И.В.Мичурин атындағы колхоздың председателі. 1969 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітірген.
Жетістігі 7-8 - сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты. 5 - сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты.
Наградалары Ленин ордені Октябрь революциясы ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1966) Медальдар
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары