Георгий лентасы () — ресейлік әскери символ, қара және қызғылт сары жолақтардан құралған лента. Ресей империясы, КСРО және Ресей Федерациясы әскери марапаттарында бейнеленеді.

XX ғасырдың басынан бастап бұл символ Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтеу символы ретінде КСРО-да да, посткеңестік кеңістікте де қолданылатын, Жеңіс күні басты символдардың бірі болған. Алайда 2014 жылдан бері оны Украинадағы ресейшіл сепаратистер қолданатын болды және сол себептен Георгий лентасы жалпы посткеңестік кеңістікте даулы символға айналды. Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін оның даулылығы одан әрі өсті, ол орыс ұлтшылдығы мен милитаризмімен байланысты болып кетті. Қазақстанда 2017 жылдан бері Жеңіс күніне Георгий лентасының өзге, Қазақстан туының түстері бар дизайны қолданылады.

Тарихы Шығу тегі нобай|солға|210px|Әулие Георгий орденімен бірге келетін қылышта бар Георгий лентасы. 1730 жылдары қара (елтаңбадағы бүркіт), сары (мемлекеттік елтаңбаның алтын алқабы) және ақ (бүркіттің кеудесіндегі қалқандағы Әулие Георгийдің күміс мүсіні) Ресей империясының мемлекеттік түстері болды. Георгий лентасы 1768–1774 жылдардағы орыс-түрік соғысы кезінде Ресей империясының игілігі үшін адалдық, батылдық пен парасаттылыққа шақыру үшін 1769 жылы 26 қарашада II Екатерина Әулие Георгий орденін бекіткен кезде белгіленді. Лента өз атын Әулие Георгийден алды.

нобай|оңға|120px|Германияға қарсы жеңгені үшін орденінің дизайнында да Георгий лентасын байқауға болады. Георгий ленталары Қазан төңкерісінен кейін патшаның барлық басқа наградаларымен бірге қолданыстан шығып кетті, дегенмен Әулие Георгий крестімен наградталғандарға өз марапатын киюге рұқсат етілген. Дегенмен, бұл рәміз Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жаңадан құрылған кеңестік гвардия бөлімшелерінің қызмет символы ретінде қайтадан қолданылатын болды, олардың төс белгілері мен баннерлері ескі империялық полктерге ұқсас қара және қызғылт сары ленталармен безендірілген еді. Қара мен қызғылт сары түстері кейін кеңестік Даңқ орденінде () қолданылды, марапаттың дизайны Әулие Георгий орденіне ұқсас болған. Ұқсас дизайн Германияға қарсы жеңгені үшін орденінде де болған.

Соғыстан кейін лента кейде соғыс ардагерлерін еске алатын пошта маркаларында қолданылды; дегенмен, лента бүгінгі таңдағыдай қоғамдық мәнге ие болмады.

XXI ғасыр Ресей 2005 жылы Кеңес Одағының Германияға қарсы жеңгеніне 60 жыл толуына орай (Жеңіс күні) Ресейдің мемлекеттік РИА Новости ақпараттық агенттігі мен РООСПМ «Студенческая Община» жастар қоғамдық ұйымы еріктілерді Жеңіс күні қарсаңында көшелерге ленталар таратуға шақырған акция бастады. Сол кезден бері жыл сайын бүкіл Ресейде 9 мамырға дейін және сол күні халық лентаны білектерге, кеудешелерге және автомобильдерге кеңінен іледі.

«Новая газетаның» шолушысы Юлия Латынина мен басқа да журналистер Ресей үкіметі қызғылт сары түсті лентаны Украинадағы 2004 жылғы қызғылт сары төңкеріске «жауап ретінде» қабылдады деп болжайды.

Кейіннен ресейлік коммунистік, ұлтшыл және үкіметке адал топтар лентаны Ресей үкіметін қолдаушылар символына айналдырды. 2011–2013 жылдардағы ресейлік наразылықтар кезінде 2011 жылғы сайлаудағы нәтиженің бұрмаланғанына қарсы демонстранттар ақ лента тағып жүрді. Путиннің жақтастары Георгий лентасын тағып, қарсылық танытпақ.

2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруі кезінде таспаның түстері «Z» әскери символымен бірге қолданылатын болды, ол бүкіл Украинадағы соғыс қолдаушыларының символына айналды.

Украина 2014 жылғы Украинадағы оқиғалар кезінде Еуромайданға қарсы белсенділер мен Украинаның ресейшіл тұрғындары лентаны ресейшіл және сепаратистік наразылықтың символы ретінде пайдаланды. Украиналық батысшылдар сепаратистерді колорадо қоңызымен салыстырып, оларды «колорадтар» (, ) және лентаны «Колорадо лентасы» деп атап кетті.

2014 жылғы сәуірде Кропивницкий әкімшілігі «әртүрлі қозғалыс белсенділері арасындағы арандатушылықтың алдын алу үшін» Жеңіс күнінде Георгий лентасының қолданылуына тыйым салған. Оның орнына тек Украинаның мемлекеттік рәміздері қолданылатын болды. Келесі айда Черкассы әкімшілігі ардагерлерді лентаны, не басқа коммунистік рәміздерін тақпауға шақырды.

Украина үкіметі лентаны 2014 жылы қызыл-қара түстес еске алу көкнәрмен ауыстырды, бұл гүл Батыс Еуропадағы Еске алу күніндегі Георгий лентасының аналогы болып келген.

2017 жылғы 16 мамырда елде лентаға ресми түрде тыйым салынды, рәмізді шығарған немесе насихаттағандарға айыппұл салынатын болды, не олар уақытша қамауға алынады. Верховна Рада төрағасы Андрій Парубійдің (Халық майданы) айтуынша, бұл символ «Ресей агрессиясы мен Украинаны оккупациялауының» символына айналды.

Беларусь 2014 жылғы 5 мамырда Беларусь Республикалық Жастар Одағы белсенділерді лентаны қолданбауға шақырды. Басқа шенеуніктер бұл символды қолданбау туралы шешімді Украинадағы жағдайға байланысты деп хабарлады, мұнда «лентаны содырлар мен лаңкестер пайдаланады» делінді. 2015 жылғы Жеңіс күніне орай үкімет Беларусь туының қызыл және жасыл түстері бейнеленген жаңа лентаны ұсынды.

Қазақстан нобай|оңға|Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жеңіс күнінің парадында, Мәскеу, 2015 Қазақстанда Георгий лентасына ресми түрде ешқандай тыйым салынған жоқ. Онымен қатар 2008 жылдан бері Қазақстан туында бар түстер мен оюлар бейнеленген лента қолданылады. Лентаға жариясыз тыйым бар және сол себептен 2018 жылы ол ресми түрде бекітілді.

Канада 2014 жылғы 10 мамырда Канаданың Виннипег қаласында өткен Жеңіс күніне арналған бірінші парадқа дайындық кезінде Ресей елшілігі қатысушыларға Георгий ленталарын таратылды. Бұл әрекет Украинада болып жатқан оқиғаларға байланысты жергілікті украин қоғамдастығы үшін даулы деп саналды.

Латвия Латвия парламенті нацистік және кеңестік рәміздерді, оның ішінде свастика мен орақ пен балғаны көпшілік алдында көрсетуге, фашистік және коммунистік идеологияларды насихаттайтын әнұрандар мен әндерді айтуға тыйым салды. 2021 жылғы 11 қарашада, Лачплесис күні Сейм қауіпсіздік және қоғамдық ойын-сауық және мерекелік іс-шаралар туралы заңға қоғамдық іс-шараларда лентаны пайдалануға тыйым салатын түзетуді мақұлдады.

Литва 2022 жылы Литвада Ресейдің Украинаға басып кіруіне жауап ретінде лентаға «Z» және «V» әскери таңбаларымен бірге тыйым салынды.

Молдова 2022 жылғы 7 сәуірде Молдова парламенті Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін лентаға тыйым салуға дауыс берді. «Z» және «V» әскери нышандарына да тыйым салынды.

Эстония Рийгикогу 2022 жылғы 24 ақпанда Ресейдің Украинаға басып кіруінің басталғаннан кейін Георгий лентасын пайдалануға тыйым салатын заң қабылдады. Заң сондай-ақ агрессия, геноцид, адамзатқа қарсы қылмыс, соғыс қылмысы, нацистік әрекеттерді қолдайтынын білдіретін немесе осындай әрекеттерді ақтайтын рәміздерді көпшілік алдында көрсетуге рұқсат етілмейтінін де қарастырды. Бұл әрекеттер 300 айыппұл бірлігіне немесе 1,200 еуроға дейін айыппұл салу немесе қамауға алумен жазаланатын болды. Егер мұндай әрекетті заңгер жасаса, ол 32,000 еуроға дейінгі айыппұлмен жазаланады.

Галерея

Медальдер

Дереккөздер

Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Ресей ордендері Санат:Ресей символдары Санат:Саяси символдар