thumb|right|200px|Цинкит Цинкит — тотықтар класына жататын минерал. Химикалық формуласы: ZnO Изоморфты қоспалары: Mn (9%-ға дейін MnO), Fe (1,5%-ға дейін FeO). Физикалық қасиеттер Гексагоналдық сингонияда кристалданады. Құрылымы вюртцют минералына ұқсас. Ұсақ түйірлі тығыз, түйіршікті, тақта тәрізді агрегаттар түрінде кездеседі. Түсі қызғылт сарыдан қою қызылға дейін өзгереді. Призма бағытында жіктілігі жетілген, алмасша жылтыр, қатт. Моос шкаласы бойынша 4 — 5, тығызд. 5,6 — 5,7 г/см3, мортты. Қышқылдарда еріп, сілті әсерінен ыдырайды. Скарн типті кендерде франклинит және виллемитпен бірге кездеседі. Қорғасын-мырышты кендерде сфалерит бойынша псевдоморфоздар түзеді.

Қолдану Кей жерлерде мырыш кентастарының құраушыларының құрамына енеді. Шығыс және Оңт. Қазақстанның полиметалды кен орындарында ұшырасады. Қрі мөлдір кристалдары әшекейлеу материалы ретінде қолданылады. Ciлтемелер : "Қазақ Энциклопедиясы", 18 том

Санат:Кендер Санат: Мырыш минералдары