Жайылма — ауыл. Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылдық округінің орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңатас қаласынан солтүстікке қарай 23 км-дей жерде. Ауыл іргесінен Шабақты, Бүркітті, Құртты және Жылыбұлақ өзендері, Тараз-Қызылорда автомобиль жолы өтеді. Ауыл телефон байланысымен жабдықталған.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен27912695 2294 85,1 1408 1173 83,3 1287 1121 87,1
Ауыл көріністері
Инфрақұрылымы Ауылда "Әйтеке би" атындағы орта мектеп, дәрігерлік емхана, ауылдық клуб үйі, балалар өнер мектебі, Бөрібек Тоғызақбаев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, "Балауса" балабақшасы жұмыс істейді.
Ауылдан шыққан әйгілі тұлғалар Ауыл бұрынғы "Калинин" атындағы және "Жайылма" кеңшарларының орталығы болған. Ауылдан шыққан әйгілі тұлғалар: Аманбек Көрпебайұлы Төлепбергенов - баспагер Ардақ Исатаева - әнші Асанәлі Әшімұлы - КСРО және Қазақстан халық әртісі, кинорежиссер Асылбек Жасымбеков - ұшқыш, Социалистік еңбек ері Әбдуәлі Әлі - журналист Әбдіразақ Елібаев - Қазақ КСР байланыс министрі Байдәулет Сазабеков - биші Бақберген Нұғыманов - Социалистік еңбек ері Бәкен Серікбаев - революционер, Қазақ ОАК мүшесі Берген Исаханов - Кеңес Одағының Батыры Берік Шаханұлы - жазушы, халықаралық әдеби "Алаш" сыйлығының иегері.Тараз энциклопедиясы* Болатбек Төлепберген - жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Төкенұлы Қырғызбаев - таэквондодан қара белбеу иегері, Қали Сәрсенбай - журналисті Қуандық Байзақов - Социалистік еңбек ері Мұса Есжанов - Социалистік еңбек ері Нұрмахан Бөлебаев - Ленин орденінің иегері thumb|right|80px|Нұрмахан Бөлебаев Өскенбай Аяпұлы Аяпов - техника ғылымдарының докторы Пернебай Дүйсенбин - балалар жазушысы Сағындық Кенжебаев - Социалистік еңбек ері Сағынтай Елепанов - ұстаз, қобызшы, Ықылас күйлерін осы күнге жеткізуші thumb|оңға|80px|Сағынтай Елепанов Сәуле Стаханшылқызы Жанпейісова - әнші Тоғыман Күлшеев - Социалистік еңбек ері Тынышбай Рақым - ақын
Суреттер галереясы
Дереккөздер
Санат:Сарысу ауданы елді мекендері