Мануэль Нойер (нем. Manuel Neuer, 27 наурыз 1986 жыл, Гильзенкирхен) — неміс қақпашысы "Бавария" клубында және Германия құрамасында ойнайды. 2014 жылғы әлем чемпионы.

Әлем чемпионаттарында ең жиі ойнаған қақпашы — 23 ойын.

Ғұмырнама

Клубтық Мануэль 5 жасынан бастап "Шальке 04" клубында футболмен айналаса бастаған. 2003 жылы 17 жасар қақпашы Шалькемен "аймақтық лигада" ойнады, бірақ сол жылы неміс футболының 4-ші дивизионына түсіп кетті.

2005-2006 жылғы маусымда Нойер "Шалькенің" қосалқы қақпашы ретінде шақырылды.Сол жылы "Шалькенің" қақпасын Франк Рост қорғайтын. Мануэль Бундеслигадағы ең бірінші ойының 2006 жылы ғана өткізді. Сосын ол "Баварияға" қарсы матча (2-2) өзін жақсы көрсетті, осыдан соң оның ойыны көктердің жаттықтырушысы Мирко Сломкеге ұнады, сондықтан ол негізгі қақпашы болды. Франк Рост содан кейін "Гамбургке" ауысты. Жалпы 2006/07 жылғы маусымда Нойер "Шальке 04" құрамында 27 ойын өткізді. left|нобай|Мануэль "Шалькеде"20 сәуірде 2011 жылы клуб Нойер "Шалькеде" қалмайтының айтты. Мануэльге клуб басқа көлемде ақша беруді уәде еткенмен ол келіспеді. "Шальке 04" клубы Нойердің клубта қалуын қалады. 8 маусым 2011 жылы "Бавария" Нойермен 5Нойер: рад переходу в «Баварию» жылдық келісім-шартқа қол қойды.18 миллион оған қоса 7 миллион Мануэльдің тамаша ойын көрсеткені үшін төледі.Manuel Neuer ist jetzt ein Bayer

2012 жылы 19 мамырда Чемпиондар Лигасының финалында Мануэль "Челсидің" ойыншыларының пенальтиін қайтарды. Содан соң өзі Чехтың қақпасына 11 метр жерден гол соқты. Алайда "Бавария" 4-3 есебімен ұтылып күміс жүлдегер атанды.

Мануэль өзінің қақпадан шығып кетуімен өте танымал, ол қақпадан шығып допты баспен ұрып аланның ортасына дейін жеткізген.

Ұлттық құрама Германияның 19 және 21 жастағы құрамаларында ойнады.

2009 жылы 2 маусымда БАӘ құрамасына қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Германия Ұлттық құрамасы сапында алаңға шықты.

2010, 2014, 2018 жылғы әлем чемпионаттары мен 2012, 2016 жылғы Еуропа чемпионаттарында негізгі қақпашы ретінде құрама қақпасын қорғады.

Жетістіктер

Клубтық Бундеслига Чемпионы: 2013 Бундеслига Вице-чемпионы : 2007, 2010, 2012 Германия Кубогының иегері: 2011 Германия Суперкубогының иегері : 2012 Германия кубогының финалисі: 2012 Чемпиондар Лигасының финалисі: 2012 УЕФА Чемпиондар Лигасы: 2012/13, 2019/20 УЕФА Суперкубогы: 2013, 2020

Құрамада Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 2009 Әлем чемпионы: 2014 Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 2010 Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2012, 2016

Жеке Бундеслиганың Алды Қақпашы Kicker спорт журналының дерегі бойынша :2006/07–2010/11 Жыл спортшысы Гельзенкирхен қаласында: 2006/08 "Еуропа Алды Қақпашысы" атағына номинанты :2008 Үздік қақпашы Еуропа чемпионатында U-21: 2009 Германия жыл футболшысы:2011 Германияның ұлттық ойыншысы: 2020 ESM бойынша Жыл командасы: 2011/2012, 2012/2013, 2014/2015 IFFHS нұсқасы бойынша әлемнің үздік қақпашысы: 2013, 2014, 2015, 2016, 2020 IFFHS бойынша онжылдықтың үздік қақпашысы: 2011-2020 Еуропаның үздік қақпашысы: 2011, 2013, 2014, 2015, 2020 Футболдан әлем чемпионатының алтын қолғабы: 2014 Алтын доп ФИФА : 2014 (3-ші орын) Ерлер арасындағы ФИФА-ның үздік қақпашысы : 2020 Жыл спортшысы AIPS: 2014 Жыл ойыншысы l ' Équipe: 2014 Еуропа AIPS Жыл спортшысы-франк Тейлор трофейі: 2014

Дереккөздер

Сілтемелер Нойердың Официалды сайты Мануэль Нойер Facebookта Мануэль Нойердың Каналы Youtubeта

Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Шальке 04 ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары