Әсия Рафаилқызы Сулькарнаева – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың шет тілдер теориясы мен тәжірибесі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Білімі, ғылыми атағы мен дәрежесі Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті «0003103 Ағылшын тілі» мамандығы, біліктілігі - «ағылшын тілінің оқытушысы» (1995-1999); «0319 – Ағылшын тілі» мамандығы бойынша магистрлік диссертация, мамандыру - «Ағылшын тілінің теоретикалық фонетикасы». Эмоциялық күй және олардың просодиялық формуласының тәсілі (ағлышын және орыс тілі материалдарында) Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Көкшетау қ., ғылыми жетекшісі – ф.ғ.к., доцент Н.Ф: Немченко. «10.02.20 – Салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салыстырмалы тіл білімі»: техникалық етрминологиядағы отсоматикалық екінші номинация (ағлышын және орыс тілі материалдарында) мамандығы бойынша кандидаттық диссертация (2001-2004). Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., ғылыми жетекшісі – ф.ғ.д., профессор Э.Д. Сүлейменова
Еңбек жолы Сулькарнаева Әсия Рафаилқызы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың шет тілдер теориясы мен тәжірибесі кафедрасының доценті (2008-2011) ; Туран университетінің ғылыми хатшысы (2008-2009); келесі ЖОО-ларда ағылшын тілінің оқытушысы, доцент: Ш.Уәлиханов атындағы КМУ (1999-2001, 2009-2007), Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ (2005-2004), «Әділет» ЖҚМ (2005-2004) және т.б.
Ғылыми және кәсіби қауымдастықтарға мүшелік ету 2011 жылдан бастап ELUTA мүшесі (Астана қ. Ағылшын тілі оқытушылар мен ұстаздарының қауымдастығы); 2002 жылдан бастап орыс тілі мен әдебиетінің оқытушылар қауымдастығының мүшесі; 1999 жылдан бері СҚО ағылшын тілі оқытушылары қауымдастығының мүшесі, І Дүниежүзілік татар жастары съезінің мүшесі (Қазан 2004 ж.). Редакциялық ұжым: Халықаралық ғылыми конференциялар жинағының редакция алқасының мүшесі (Астана 2008 ж., Көкшетау 2007 ж., Алматы 2005 ж.).
Дереккөздер
Санат:Еуразиялық ұлттық университеті қызметкерлері