Мал атауларыҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - төрт түліктің (жылқы, түйе, сиыр, қой-ешкі) жасына, жынысына, жұмысқа пайдаланылуына қарай халықтың малдарға қойған аттары.
Кіріспе Мал көшпелі қазақ елінің тұрмысында ғасырлар бойы мінсе - көлік, жесе - тамақ, ішсе - сусын, кисе - киім болды. Сондықтан өмір бойы етіне, сүтіне, терісіне, жүніне, күшіне қараған ел малды бағым-күтімін келістіріп, қастерлеген. Халықтың төрт түлікке байланысты тудырған мақал-мәтелдері мен ән-күйлері де, өлең- жырлары мен аңыз-ертегілері де, мысалдары мен қиссалары да көп. Ертедегі діни сенімдеріне орай қазақтар әр түліктің тәңірісі, иесі, қамқоршысы болады деп түсініп, түйені - Ойсылқара, жылқыны - Қамбарата, сиырды - Зеңгібаба, қойды - Шопаната, ешкіні - Шекшеката деп кие тұтқан.
Мал атаулары Жылқыда
Ірі қарада 1 жасқа толмаған төл - бұзау, баспақ, торпақ, одан үлкені - тайынша, тана; 1,5 - 2 жастағы ұрғашысы - қашар; 3 жасқа қарағаны - құнажын (құнажын сиыр, құнан өгіз); 4-ке қарағаны - дөнежін (дөнежін сиыр, дөнен өгіз); 5 жастан бастап сиыр, өгіз деп аталады. Жынысы жетілген еркек малды - бұқа, піштірілгенін - өгіз дейді. Сиыр қоңы мен сүттілігіне т.б. қасиеттеріне қарай ту, тұмса, бітеу, тоқтаған, қашақ, бұзаулы, сауын сиыр болып бөлінеді. Ірі қараның негізгі түстері: қара, қарала, ала, көк, қызыл, қоңыр, ақбас, тарғыл т.б.
Түйеде 1 жасқа дейінгі төл - бота; 1 - 1,5 жастағысы - буыршын (ұрғашысы - бұзбаша) деп аталады; піштірілген еркек түйе - атан, қосөркешті еркек түйе - бура, сыңар өркештісі - үлек; қос өркешті (айыр) және сыңарөркешті (нар) түйелердің алғашқы ұрпағын - қоспақ (біртума), екінші ұрпағын - балқоспақ, үшінші ұрпағын - мырзақоспақ; тұңғыш ботайлайтынын - қаймалы, одан әрі боталай беретінін - інген, нардың ұрғашысын - аруана дейді.
Қой түлігінде Қой түлігі негізінен қозы, саулық, еркек қой болып үш топқа бөлінеді. Оның жаңа туған төлі қозы деп аталады. Туу мерзіміне қарай қозы: арамза, кейе, қауқа, күнтимес, көпей, бөдене деп аталады. Жетіле бастағандарын марқа, бағлан дейді. Саулық: тұсақ, саулық, бойдақ қой. Еркек қой: ісек, қошқар, азбан болып бөлінеді. Жасына қарай қой: тоқты, құнан қой, дөнен қой, ағауыз деп те аталады.
Ешкіде 6 айға дейінгі төл - лақ, сол жылы лақтағаны - шыбыш; 2 жастағысы (тұңғыш лақтайтыны) - туша; піштірілген еркегі - серке; піштірілмегені - теке.
Дереккөздер
Санат:Ауыл шаруашылығы