Мұхаметжан Түймебайұлы ТүймебаевҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1948), совхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 28 желтоқсан 1908 жылы, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында туған.

Еңбек жолы 1931-1940 жылдар: Алматы облысы Жамбыл ауданы, ҚазССР-інің 30 жылдығы атындағы колхоз председателі; Жамбыл ауданы халық депутаттары Советі атқару комитеті председателінің орынбасары; "Қастек" қой совхозы директорының орынбасары. 1950 жыл - КОКП мүшесі. 1940-1950 жылдары - Еңбекшіқазақ ауданы, "Түрген" қой совхозының директоры. 1950 жылы Қапланбек малдәрігерлік техникумын бітірген. 1950-1957 жылдары - Түрксіб темір жолына қарасты №5 совхоздың директоры. 1957 - 1961 жылдары - Шелек ауданының "Қазақстан" жеміс-жүзім совхозының диркторы. 1961 жылдан өмірінің соңына дейін Іле ауданының "Алматы" совхозында (қазіргі Түймебаев атындағы) директор болды. 1966-1976 жылдары - Қазақстан КП ОК-інің мүшесі. 8 сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты.

Наградалары 2 рет Ленин ордені 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1948) "Құрмет Белгісі" ордені Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары