Қызыл кхмерлер (кхмер. ខ្មែរក្រហម, Kmae Krɑhɑɑm, Khmer Kror-Horm) — Кампучия Коммунистік партиясы мен Камбоджадағы коммунистік қозғалыстағы аграрлық бағыттағы ұлтшыл, қытайшыл ағымның бейресми атауы. Қызыл кхмерлердің басым көпшілігі шынымен де этникалық кхмерлер болды. Олардың идеологиясы маоизмге, батыстық және заманауи атаулының бәрін теріске шығаруға, вьетнамофобияға және кхмерлік ультраұлтшылдыққа негізделді.
Бұл ағым Кампучия Коммунистік партиясында 1968 жылы кеңесшіл қанатқа қарсы шыққан қытайшыл қанат ретінде пайда болды және Солтүстік Вьетнам, Оңтүстік Вьетнам мен АҚШ белсенді түрде араласқан Камбоджадағы азаматтық соғыстың тараптарының бірі болды. Саны — шамамен 30 мың адам. Бастапқыда бұл қозғалыстың мүшелері Франция мен Камбоджада білім алған, радикалды көзқарастағы кхмерлер еді. Қозғалыс қатары негізінен ата-анасынан айырылған және қала тұрғындарын «американдықтардың сыбайластары» ретінде жек көрген 12–15 жас аралығындағы жасөспірімдермен толығып отырды.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Партизан қозғалыстары Санат:Қызыл кхмерлер Санат:Камбоджадағы геноцид Санат:Маоизм Санат:Тұрақсыз қарулы күштер