Әбу Бәкр Ахмад ибн Әли немесе әл-Хатыб әл-Бағдати (1002, Газия — 1071, Бағдат) деген лақап атпен танымал көрнекті мұсылман ғалымы, хафиз, тарихшы. Куфа мен Мекке қалаларының ортасында орналасқан Ғазәйя қалашығында дүниеге келіп, өмірін Бағдатта өткізіп, сол жақта қайтыс болады.

Өмірбаяны Білім алу жолында Мекке, Куфа, Басра және т.б. қалалрға сапар шегеді. Бағдатқа қайтып келгеннен кейін аббасилердің уәзірі Ибн Мусәлләмә оны құрмет тұтып, жақыны қылады.

Һижра бойынша 467 жылы ол Шам өлкесіне жол тартып, Дамаск, Халеб қалаларына, Триполиге барады. 463 жылы ол қатты сырқаттанып, қайтыс болар алдында мал-мүлкі мен кітаптарын қайырымдылыққа және ғұламаларға өсиет етеді.

Араб әдебиеті мен ақындық өнерін жетік меңгерген ол өзінен кейін 56 шақты әртүрлі ғылыми еңбектер мен шығармалар қалдырады. Олардың ең атақтысы — 24-томдық «Тарих Бағдат» («Бағдат тарихы») кітабы. Оның ішінде һижраның 5 ғасырына дейін Бағдат қаласында өмір сүрген ғұламалардың өмірбаяндары жинақталған.

Әдебиет الخطيب البغدادي — Shamela.ws

Санат:10 мамырда туғандар Санат:1002 жылы туғандар Санат:Газияда туғандар Санат:5 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1071 жылы қайтыс болғандар Санат:Бағдатта қайтыс болғандар Санат:Ислам дінтанушылары Санат:XI ғасыр тарихшылары Санат:Араб тарихшылары Санат:Мухаддистер Санат:Мұсылман тарихшылар